Азап көрген Жанар Ізбасардың арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

52

0

Қызылорда облыстық прокуратурасы Қызылорда қаласының тұрғыны Жанар Ізбасардың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі шағымына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Бұдан бұрын Жанар Ізбасар облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері азаптағанын айтқан болатын.
Қызылорда облысының прокуроры Х.Дәуешов: «Жанар Ізбасардың 2017 жылы 3 қарашада жарияланған жазбасында көрсетілген мәліметтеріне қатысты арызы облыстық прокуратураның СДТТБТ-не ҚР 146-бабы 2-бөлімі 1 және 3 тармақшаларымен тіркелді», – деп атап өтті.
Қазіргі таңда арнайы прокурорлармен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық істің барысы ерекше бақылауға алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз