Қазақстан 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді

59

0

Қазақстан 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалығының датасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қауіпсіздік Кеңесінде (ҚК) біздің тұрақты емес мүшеліктегі кульминациялық сәт ай сайынғы ауыспалы жаңаратын төрағалық кезінде болады, яғни аталған органда 2018 жылдың қаңтары барысында бұл міндет Қазақстан Республикасына тиесілі»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, төрағалықтың негізгі мәселесі тиісті құжатты қабылдауға қатысты болады. Бұл ретте ҚК-нің қарары қамтылуы ықтимал, ол үшін орган құрамындағы барлық мүшелерінің келісімі қажет. Төрағалық басталғанға дейін Қазақстан Ресупбликасының мүддесін ескеретін мәселелерді кеңес мүшелерімен келісу мен талқылау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
«Осыған байланысты әлемдік қоғамдастық пен ҚК-нің назарын Орталық Азия тап болып отырған сын-қатерлерге аударуға бағытталған біздің қадамдар бұл өңір бойынша серіктестерімізбен тығыз үйлестірумен жүргізіледі. 2018 жылдың қаңтарында Қауіпсіздік Кеңесінде еліміздің төрағалығынан кейін қол жеткізілген уағдаластықтарды тәжірибе жүзінде іске асыру жұмыстары атқарылады»,-деді ол. Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан алдағы екі жылдық кезеңге Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз