Қазақстан мамандары келесі «Протонның» ұшырылымына қатысады

74

0

Қазақстан мамандары келесі «Протонның» ұшырылымына қатысадыҚазақстан мамандары келесі «Протонның» ұшырылымы жұмыстарына қатысады. Бұл туралы Астанада Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығына арналған «дөңгелек үстел» барысында «Бәйтерек» Бірлескен кәсіпорны жобалау кеңсесінің директоры Олег Балицкий мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі кезде «Қазғарыш» пен «Роскосмос» арасында қолданыстағы нысандар базасында біздің кешенді және орташа санаттағы жаңа перспективалы зымыран-тасығышты құру нұсқасы бойынша тиісті уағдаластық бар. Бүгінде зымыран-тасығышты құру шаралары іске асырылуда»,-деді О.Балицкий.
Оның сөзіне қарағанда, осы жоспарларды іске асыру үшін бірқатар құжаттарға қол қойылып, Жол картасы әзірленді. Жаңа перспективалы зымыран-тасығыштың құны шамамен 500 млн. долларды құрайды деп күтілуде. Оны жасау жұмыстарына ресейлік тарап жауап береді.
Ал Қазақстан жағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында қолданыстағы нысандарды жетілдіруге жауапты. Бұл бағыттағы жұмыстар 245 млн. долларға бағаланып отыр. Жобаны түпкілікті жүзеге асыру мерзімі 2025 жылға белгіленді.
Балицкийдің айтуынша, дайындық жұмыстары 2016-2018 жылдары атқарылады, осы уақытта инвестициялық ұсыныстар мен техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп, қорғалады.
Белгілі болғандай, 2019-2023 жылдары жобаны қаржыландыру мен ғарыш айлағында құрылыс-монтаждау, конструкторлық жұмыстарды атқару қарастырылған. 2025 жылға дейін сынақтан өткізу шаралары атқарылады, ал содан кейін зымыранды ұшыру жүзеге асырылмақ.
Бөдан бөлек ол «Протон-М» зымыран-тасығышының 2017 жылғы алғашқы ұшырылымы 29 мамырға жоспарланып отырғанын, бұл бағыттағы жұмыстарға қазақстандық мамандар да қатысып жатқандығын жеткізді. Олар жүйелерді іске қосу мен техникалық қызмет көрсету шараларына жұмылдырылады.
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз