Қазақстан президенті болудан дәмелі кандидаттарға қойылатын талап күшейді

53

0

Қазақстан президенті болудан дәмелі кандидаттарға қойылатын талап күшейдіҚазақстан президенті болудан дәмелі кандидаттарға қойылатын талап күшейді деп хабарлайды КТК арнасы.
Енді мемлекет басқарғысы келетін адамдар Орталық сайлау комиссиясына медициналық анықтамасын ала келуі тиіс. Яғни, мәртебелі тақтан үмітті кісілердің денсаулығында еш кінәрат болмауы керек.
«Мен дәрігер емеспін, сондықтан тексеріс талаптарын білмеймін. Оны Орталық сайлау комиссиясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірігіп әзірлеп жатыр. Анық-қанығы негізгі заң қабылданғаннан кейін екі ай мерзімде белгілі болады», – дейді Әділет министрі Марат Бекетаев.
Бұған дейін сайлауға түскендерден медициналық анықтама сұралмайтын.
Бірақ үміткердің нақты қандай дерттерден тексерілетінін Әділет министрі  білмейтінін айтты.
Кандидатқа міндеттелетін тағы бір жаңа талап – мемлекеттік қызметте кем дегенде 5 жыл жұмыс істеу. Ал қазіргі заңда, үміткердің қырыққа толуы, Қазақстанда туған, сол елдің азаматы болуы, мемлекеттік тілде сөйлеуі және соңғы 15 жылда Қазақстан аумағында тұруы жеткілікті болатын. Айта кетейік, Қазақстанда келесі президент сайлауы 2020-шы жылға белгіленген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз