Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайды

39

0

Қазақстан рубльге қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне қайта оралмайдыҚазАқпарат – Қазақстан Ресей рубліне қатысты «беске бір» тепе-теңдігіне
таяу аралықтың ішінде қайта оралмайды. Бұл туралы кеше ҚР Президенті
жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық
экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

«Осыдан екі жыл
бұрын болған дәл осы «беске бір» тепе-теңдігі (теңгенің ресейлік рубльге
қатысты) болуы қажет деп санайтындықтарыңыз түсініксіз. Иә, бұл –
тарихи тепе-теңдік Ресей мен Қазақстанда 1998 жылы құнсыздану орын
алғаннан кейін сақталған болатын. Бірақ 90-шы жылдарда бізде мүлдем
бөлек тепе-теңдік болған еді», – деді вице-министр БАҚ өкілдерінің
сауалына орай.

Оның пайымынша, аталған тепе-теңдік қандай да
бір негізделген немесе қатаң экономикалық алғышартты  емес. Сондықтан 
да қазіргі уақытта екі елдің ұлттық валюталары арасында басқа
тепе-теңдік бар. «Бесте бір» тепе-теңдігіне біздердің қайта оралуымыз
мүмкін емес», – деп қосты ол.

Т.Жақсылықовтың айтуынша, өткен жылдары ішінде
Ресейде девальвациялық процестің қарқынды орын алуымен қатар инфляциялық
процестің де үдей түскені байқалады.

«Яғни, өнім құны күрт өсті. Жылдық мәнде
инфляция 22-24 пайызға (Ресейде) дейін жетті, ал кейбір өнімдерде одан
да жоғары. Дәл осы аралықта бізде 2015 жылдың бірінші жарты жылдығы
бойынша инфляция 3,9 пайызды құрады», – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, осы баға өзгерістері беске бір тепе-теңдігіне  күрт түзетулер енгізді.

«Теңгенің еркін бағам айналымына көшкенімізге
көп уақыт бола қойған жоқ. Сонымен бірге біздердің жергілікті жерлерден
алып жатқан ақпараттарымыз, керісінше,  бизнестің, оның ішінде
азық-түлік саласының дамуы үшін зор серпін алғанын айтуда», – деді
Т.Жақсылықов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз