«Қазақстан» ҰТА директоры тағайындалды

50

0

«Қазақстан» ҰТА директоры тағайындалды2016 жылдың 1 қарашасынан бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Жанахмет Жәнібекұлы Ағыбаев «Қазақстан» ҰТА директоры қызметіне тағайындалды, – деп жазады Қазақпарат kaztrk.kz сайтына сілтеме жасап.
Жанахмет Ағыбаев 1974 жылы 2 қарашада Қызылорда облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1998 жылы Қызылорда қалалық «Ақмешіт ақшамы» газетінде тілші болып бастаған. Кейін 1998-2000 жылдары аталған газетте жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды.
Ал 2000-2002 жылдар аралығында «Қазақстан» ҰТА-да тілші, редактор, 2002-2006 жылдары «Хабар» агенттігінде тілші, 2006-2007 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары, «Орал өңірі» газетінің бас редакторы болды.
Сонымен қатар, 2007-2008 жылдары «ҚазАгро» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз хатшысы, 2008-2009 жылдары Алматы қалалық «Оңтүстік Астана» телеарнасының бас директоры, 2010 жылы Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас продюсері болып қызмет етті.
2010-2012 жылдары «Алматы» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2012 жылдың қаңтар айынан бері «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры болды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз