\»Қазақстан-Қызылорда\» \»Қайсар\» – \»Жетісу\» дубльдік ойынын да көрсетеді

57

0

"Қазақстан-Қызылорда" "Қайсар" - "Жетісу" дубльдік ойынын да көрсетеді«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында өтетін «Қайсар» – «Жетісу» командаларының қосалқы құрамдары арасындағы ойыннан да көрермендерге көрсетілім ұсынбақ.
 «Қайсар» футбол клубы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергiлiктi футбол командаларының Премьер-Лигадағы ойынын трансляциялап жүрген елiмiзде үш-ақ аймақтық телеарна бар. «Қазақстан-Тараз» былтырдан берi «Тараздың» кездесулерiн көрсетiп жүрсе, «Қазақстан-Павлодар» биыл «Ертiстiң» ойындарын ұсынып жүр. Сондай-ақ биылдан бастап «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы да «Қайсар» футбол клубының ойындарын тiкелей эфирден көрсете бастағаны баршаға мәлiм болар. Бiрақ Премьер-Лига ойындары өз алдына ғой, «Қазақстан-Қызылорда» жаңа деңгейге көтерлдi. Ендi бұл арна көрермендерiне «Қайсардың» қосалқы командасының (дублеры) матчтарын да ұсынып тұрмақ. Яғни, 25 шiлде күнi өтетiн «Қайсар» – «Жетiсу» командаларының қосалқы құрамдары арасындағы ойынды жанкүйерлер жатып алып, теледидардан тамашалай алады. Трансляция уақыты: сағат 22.00 (25 шiлде). Негiзi, ойын 19.00-де басталады. Ал аталмыш командалардың 26 шлде күнi сағат 19.00-де басталатын негiзгi құрам арасындағы кездесуiн «Қазақстан-Қызылорда» әдеттегiдей тiкелей эфирден көрсетедi. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз