Қарт бағбанның \»Атаман\» мен \»Продюссері\» бар

44

0

Қарт бағбанның "Атаман" мен "Продюссері" барҚармақшы ауданының тұрғыны Жақсылық Жалғасбаев  жасы сексенге келсе де қолынан кетпенін тастамай бақша егіп, одан өндірген өнімді тиімді бағамен аудан халқына ұсынып келеді.  
Қазіргі таңда Жақсылық ағамыз  отбасымен «Шабан ата» шаруа қожалығын құрып, кәсібін дөңгелетуде. Шаруа қожалықтың 20 гектар бақшалық жерінде Краснодар өлкесінен әкелінген «Атаман», американдық «Продюссер», астрахандық «Астрахань» қарбыздары мен қазақтың қара және сары күләбілері, әміре, әңгелек, Оңтүстік Қазақстанның жұлдыз қауындары, сәбіз, картоп, жуа, баклажан, асқабақ, қызанақ, қияр тағы басқа да бақшалық дақылар мен көкөністер жайқала өсуде. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз