Қазақстанға ұлттық киім мерекесі қажет пе?

80

0

Қазақстанға ұлттық киім мерекесі қажет пе?Жақын күндері күнтізбемізге тағы бір мереке қосылуы мүмкін. Тарихшы әрі жазушы Арман Нұрмағамбетовтің «Ұлттық киім күнін» атап өту туралы бастамасына әлеуметтік желілерде көпшілік бірден қолдау көрсетті. Автордың ойынша, тұрғындар сол күні жаппай қазақтың ұлттық киімін кию керек. Бұл мекерекені тойласақ, жеңіл өнеркәсіп пен туризм қарыштап дамиды деп сенеді.

Кешеден бері әлеуметтік желілерде Арман Нұрмағамбетовтің атағы жер жарды. Оның идеясын қолдаушылар толастамай тұр. Ғаламторда бастаманың белсенді талқылануына автордың өзі де аң-таң.

«Неге біз еуропалық киімді киіп жүреміз? Өзіміздің сәнімізді бағаламаймыз. Бір күн болса да жылда ұлттық киім бүкіл ел киіп шықса пайда көп. Бір жағынан әдемі болып шығады. Елестетіңізші қалалар, ауылдарда ұлттық киім киіп шығады», – дейді идея авторы Арман Нұрмағанбетов.

Тарихшы атаулы күн қазақтың бешпент, қамзол, шапанын киетін күннің кенжелеп қалған отандық жеңіл өнеркәсіп, туризм саласына да серпіліс беретініне сенімді. Ол мерекені сәуірдің соңы немесе қыркүйекте өткізу туралы ұсыныс білдіріп отыр.

Ұлттық киімді жұмысқа киіп келуге, сәнге айналдыруға ешкім қарсы емес. Құндылықтарымызды жаңғыртуға жастар да әзір. Алайда бұл бастама болашақта үрдіске айнала ма және бағасы қолжетімді болады ма? Ол жағы уақыт еншісінде, деп жазады tv7.kz.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз