Қазақстанда алдағы тәуліктерде жаңбыр жиі жауатын болады

96

0

Қазақстанда алдағы тәуліктерде жаңбыр жиі жауатын болады8-10 маусым аралығында жаңбыр жиі жауып, күн салқын болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Батыс Сібір арқылы жылжыған циклондармен байланысты атмосфералық ауа ағындары Қазақстанның ауа райына әлі де әсер ететін болады.
Сондықтан, республиканың көптеген облыстарында өткінші, нөсерлі жаңбыр жауады, солтүстік облыстардың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, сондай-ақ найзағай мен екпінді жел тұрады. Тек қана оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста алдағы екі тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы жоғарылайды, күндіз ауа температурасы 25…35 градусқа дейін көтеріледі. Астана қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы. 8 маусым күні: күн алабұлтты, күндіз жауын-шашын түсіп, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан ұйытқыған желдің екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С. 9 маусым күні: күн алабұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыс, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +14+16°С,, күндіз +18+20°С. 10 маусым күні: күн алабұлтты, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.
Батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні 9-14, күндіз 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С. Алматы қаласы бойынша консультативтік ауа райы болжамы.  8 маусым күні: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +9+11°С, күндіз +23+25°С. 9 маусым күні: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні – 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С. 10 маусым күні: күн алабұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Желдің екпіні – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.     Басты сөздер: Ауа райы,
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз