Қазақстанға Анандидің күйеуі келе жатыр

62

0

Қазақстанға Анандидің күйеуі келе жатыр«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының шақыртуымен танымал «Келін» үнді телехикаясының басты рөлдерінің бірі, Шива рөлін сомдаушы (басты рөлдердің бірі – Анандидің күйеуі) Сидхарт Шукхла 27 ақпан-2 наурыз аралығында Астана және Алматы қалаларына келеді.

2012 жылдан бері Қазақстанда үндінің телевизиялық көрсетілімінің «Келін» сериалы үздік болып келеді. Әдемі кейіпкерлер, жақсы дубляж, әдемі қойылым рейтинг көрсеткіштерінің өсуіне оң ықпал жасады.
«Келін» Үндістандағы танымал телехикаялардың бірі. Кинода әлеуметтік дәстүрлер тақырыбы қозғалады. Телехикая туған ел мен қара шаңырақты сүйіп, ата дәстүрді құрметтеуге шақырады. Бұл тұрғыдан алғанда, «Келін» телехикаясы «Қазақстан» телеарнасында эфирге шығатын отбасы мен отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған отандық «Қара шаңырақ» телехикаясымен сәтті үндесіп жатыр.
айта кетейік, Сидхарт Шукхла Мумбайда дүниеге келген. 34 жаста. Бойдақ. 2008 жылдан бері актер шеберлігін шыңдап келеді. Бұдан бұрын сән бизнесінде қызмет атқарған. Сыртқы келбеті, бойы (188 см.) да бұл қызметке сай келеді. «Жұлдыздармен би билеу» шоуына қатысқан. Үстел теннисімен және футболмен шұғылданады. 2013 жылы Үндінің Телевизия Академиясы Сидхартқа «Жыл әртісі» атағын берген болатын. Сол жылы жыл сайынғы «Zee Gold Awards» ТВ сыйлығының нұсқасы бойынша ол ең «денелі» актер атанды. Үндінің «Stardust» кино туралы журналы 2014 жылы оны киноиндустрияд ағы «Үміт күтетін жас актерлердің бірі» деп бағалаған болатын. Ал Үндінің жыл сайынғы «Filmfare Awards» киносыйлығы үнді тілінде түсірілген фильмдердегі жетістіктері үшін Сидхартты «Ерлер дебюті-2015» сыйлығына ұсынды. Қазіргі уақытта Сидхарт үндінің белгілі продюсері Каран Джохармен үш фильмге түсу үшін шартқа қол қойды.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз