ҚАЗАҚСТАНДА АЗАМАТТАРДЫ ЖАҢА ЕРЕЖЕМЕН ТІРКЕЛУ ЕНГІЗІЛЕДІ

44

0

Орталық коммуникациялар
қызметінде Қазақстан азаматтарын тіркеу тәртібін түсіндіруге арналған
баспасөз-конференциясы болып өтті. ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті
бастығының орынбасары Галина Сәрсенованың айтуынша, қолданыстағы Заң
азаматтарды келген жерінде тіркеуге міндеттеуді қарастырады.

Бұл міндеттеме «Халықтың
көші-қоны туралы» Заңында енгізілген. Г.Сарсенова әрбір азамат келген жерінде
тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.

– Тұрғын үйдің
қожайыны тіркеусіз азаматтарды тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту
(493 бабы, 5, 6 тарауы) енгізілді. «Бұл қадам «Созылмалыпәтерлердің» проблемалары мен тіркеусіз тұрудың мәселелерін шешуге көмектеседі деп
ойлаймын, – деді Г.Сарсенова.

Азаматтарды тіркеудің басты міндеті –
ішкі көші-қон үдерісін, аймақтың өңірлік және мемлекеттік даму бағдарламасын
дайындау аясында әр елді мекендердің даму шамасын анықтау негізінде
азаматтардың тіркелу санын бақылау болып табылады. Осы есептің негізінде жұмыс
орындары, білім ошақтары, емханалар ашылады және инженерлік-техникалық
құрылымдар дамиды. Азаматтың тұрған жерінде тіркелуі негізінде салық төлеуде,
әскерге тіркелуде және тағы басқа есептерді жүргізуде заңды мекенжайы болып
табылады.

Айта
кетейік, ІІМ–нің мәліметінше, тіркелу институты әрбір адамның өз еркімен
жүріп-тұруына шектеу қоймайды және де бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.
Аталған тіркелу біршама мемлекетте енгізілген. Бұл мемлекеттің экономикалық
және әлеуметтік жоспарлауымен тығыз байланысты болмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз