Қазақстанда күн жылынады

64

0

«Қазгидромет» РМК 2017 жылдың 5-7 қазанына ауа райы болжамын жасады. Синоптиктердің ақпараты бойынша, Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан циклон мен онымен байланысты атмосфералық ауа массалары Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысады, – деп жазады Қазақпарат. 
Оның орнына Қазақстан аумағына Еділден антициклон келеді. «Алдағы үш тәулікте осы антициклонның ықпалымен батыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Республиканың басқа аумағында, антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ, ауа температурасы  7 қазан күні және тек оңтүстік облыстарда жоғарылауы ықтимал», – делінген Қазгидрометтің хабарламасында. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз