Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болады

54

0

Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай боладыҚазгидромет 2017 жылғы мамырға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.
Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, мамырда Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орташа температура нормаға сәйкес болады, ал республиканың қалған аумағында нормадан жоғары болады деп күтілуде.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облыстарында және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы жерлері мен тау маңындағы аудандарының басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық, ал ОҚО, Жамбыл, Алматы облыстарында нормадан төмен, қалған аумақтарда нормаға сәйкес болады деп күтілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз