Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылады

50

0

Қазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойыладыҚазақстанда «мобильдік тәуелділік» жойылатын болады. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еске сала кетсек, жалпы отырыста «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «заң жобалары бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Заң жобасындағы өзгерістерге орай, елімізде байланыс операторларына тиесілі нөмірді өзгертпей, басқа операторға ауысуға жол ашылады. Тегін жүзеге асырылатын бұл қызметтің іске қосылуы операторлар арасында бәсекелестікті арттырып, мобильді байланыс құнын төмендетуге септігін тигізеді.

«Мобильді тәуелділік» дегенге келсек, егер адам «KCell» секілді мобильді оператор қызметін пайдаланып жүрсе, бірақ «Beeline» операторына ауысқысы келсе, онда оған оған басқа «сим-карта» сатып алудың қажеті болмайды, сол өзі қолданып жүрген нөмірімен тегін ауысуына жол ашылады. Яғни, ол өтініш беріп, нөмірін ауыстырмастан-ақ кез келген компанияға, кез келген байланыс түріне ауысуына болады. «Мобильдік тәуелділіктен» құтылу қағидатының өзегі осы. Мұның бәрі тегін жүргізіледі», – деді министр Ә. Исекешев.

Еске сала кететін мәселе, кейбір мәліметтерге қарағанда 17 миллион халық тұратын Қазақстанда 26 млн.-нан астам «сим-карталар» тіркелген. Осының өзі әр адамда 2-3 «сим-карталарға» ие деген сөз. Ал «мобильдік тәуелділікті» жою қағидаты осындай кедергілерді еңсереді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз