Қазақстанда орманшылардың еңбекақысы өсетін болды

62

0

Қазақстанда орманшылардың еңбекақысы өсетін болдыОрман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Рашит Әкімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Аграрлық комитеттің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымға шығарып отырмыз. Әрине, заң жобасына қатысты түрлі пікірлер болды, енді оны 1 маусымда екінші оқылымда талқылау жоспары бар. Атап айтқанда, ондағы өзгерістер әлеуметтік мәселелерді қамтып отыр, яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан орман шаруашылығында қызмет етіп жүргендердің жалақысын 25 пайызға өсіру ескерілген. Өздеріңіз білесіздер, ең төменгі еңбекақының бірі осы саладағы адамдарға тиесілі еді»,-деді сенатор.
Оның сөзіне қарағанда, бұл бағыттағы қадамдар орман шаруашылығының сақталуы мен дамуына өзіндік оңтайлы әсерін тиігізеді. Бұдан бұрын ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қосымша шығындарды қажет ететін ұсыныстар Республикалық бюджеттік комиссияда қаралып, ішінара қолдау тапқанын, осы орайда орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға көбейтуге Үкіметтің келісімі бар екендігін хабарлаған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз