Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі

53

0

Қазақстанда тағы екі банк біріктіріледі«Tengri Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ біріктіру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасы.
«2017 жылдың 13 наурызында «Tengri Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ екі қаржы институттарын біріктіру туралы меморандумға қол қойды. Біріккен банк Қазақстан Республикасының қаржы нарығында өзінің позициясын айтарлықтай оңтайландырады деп көзделіп отыр. Банктің шоғырландырылған капиталы 43,2 млрд. теңгені құрады, ол ЕДБ рейтингінде 17-ші орынға көтерілуіне мүмкіндік береді. Бірлескен банктің капиталының жетімділік нормативі 19% құрайды, ол ең төменгі деңгейінен 2,4 есе жоғары»,-делінген хабарламада.
Аталмыш оқиға екі банктің депозитарлары мүддесінде болғандықтан, жалпы бизнесті дамыту үшін және банктің стратегиялық міндеттерді орындау үшін үлкен синергетикалық эффект болады. Қазақстан Республикасының нарығында банктік институттарды шоғырландыру есебінен ірілендіру екі банктің стратегиясы үшін қарастырылып отыр.
Қазіргі уақытта «Tengri Bank» АҚ және «Capital Bank Kazakhstan» АҚ корпоративтік қаржыландыруда кешенді банк қызметін толық көрсетеді және жеке тұлғаларға қызмет етеді. 2016 жылдың желтоқсан айында «S&P Global Ratings» халықаралық рейтингілік агенттігі «Tengri Bank» АҚ ұзақ мерзімді несие рейтингін «B+» деңгейінде растады, ал 2016 жылдың наурыз айында «Capital Bank Kazakhstan» АҚ «B-» деңгейінде растады. Аталмыш рейтинг банктердің тұрақты қаржы жағдайын көрсетеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз