Қазақстанда уақытша тіркеусіз жүру мерзімі қысқартылды

52

0

 

Қазақстан Үкіметінің қаулысына сәйкес уақытша тіркеусіз жүру мерзімі қысқартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес бір айдан астам мерзімге уақытша болу (тұру) үшін келген ішкі  көшіп-қонушыларды ішкі істер органдары тұрғылықты жері бойынша  тіркеуден шығармай келген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алады. Уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алу (тіркеу) уақытша    тіркеу болып табылады. Уақытша тіркеу бір айдан бастап бір жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.

Қызметтік міндеттерін орындау, оқуда болуы тұрғылықты жерінен тыс  жерде ұзақ тұруымен (бір жылдан астам) байланысты адамдар (растайтын  құжат болған кезде) тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығармай  міндеттерін орындау үшін қажетті бүкіл мерзімге есепке алынатындығы айтылған».

Сондай-ақ қаулыда 16 жасқа толмаған балалар, адамдардың тыныс-тіршілігін шектейтін  организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығында кінәрат бар  емдеу мекемелеріндегі азаматтар, вахталық әдіспен жұмыс істейтін адамдар, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша есепке алынуға (тіркелуге)                  жатпайдығы айтылады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз