Қазақстандағы № 1 бизнес-мектеп қызылордалық кәсіпкерлерді оқытуда

55

0

Қазақстандағы № 1 бизнес-мектеп қызылордалық   кәсіпкерлерді оқытуда  Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының
бастамасымен Almaty Management University аймақ кәсіпкерлерінің кәсіби
біліктілігін арттыру бағытындағы шаралар ұйымдастырылды, 
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Бүгін
еліміздегі № 1 жоғары бизнес-мектептің жетекші оқытушылары Қызылордада болып,
Кәсіпкерлер палатасымен әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды және өңір
кәсіпкерлеріне мастер-класс өткізді.
 Мастер-класта
аймақтың ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлермен бірге тұрақты жұмыс жасаушы
кәсіпкерлер бірінші дәрежелі бизнес-тренерлер Озат Байсеркеев пен Татьяна
Иссыктан сабақ алды.  
Almaty Management University
президенті Асылбек Қожахметов бүгінде оқу орнының әлемнің көптеген
университеттерімен жұмыс жасап келе жатқандығын, кәсіпкерлерді оқытуда 26
жылдық жұмыс тәжірибесі бар екендігін айта келе: «Біз бүгінде кәсіпкерліктің маңызының күн санап артып келе жатқандығын
көріп отырмыз.Бірақ ол өздігінен қарқын алып кете алмайды. Ол үшін адами
капиталды дамытуға басымдық беру қажет. Мәселен, Жапония осы бағыттағы
жұмыстарының нәтижесінде дамыды. Бұл ретте, Қызылорда облысының әлеуеті жоғары,
өңірде дәстүр өте жақсы сақталған. Сол үшін де біз дәстүр мен адами капиталға
сүйену – бұл Қызылорда облысының жаңа стратегиялық моделі деп есептейміз және
аймақтың жаңа бизнес-қоғамдастығының қалыптасуына үлес қосып жатқандығымызға
қуаныштымыз», – деді.
 Университет алдағы уақытта
Қызылордада MBA бағдарламасын ашып, облыста бизнес-инкубаторды дамытуға үлес
қоспақ. Бұл жөнінде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол
Күмісходжаев: «Өздеріңіз білетіндей,
адами капитал – әлеуметтік-экономикалық дамуда маңызды рөл атқарады. Осы
орайда, облыстық Кәсіпкерлер палатасы еліміздің бірқатар жетекші оқу
орындарымен әріптестік негізде белсенді жұмыс жасауда. Соның бірі, Алматы
Менеджмент Университеті. Бүгін біз аталмыш оқу орнымен Меморандумға қол қойып
отырмыз. Меморандум аясында алдағы уақытта тұрақты түрде кәсіпкерлік саласына
арналған оқыту тренингтері мен семинарлар өткізетін боламыз», – деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз