«Қазақстандағы этносаясат: тарихы және даму перспективалары\»

46

0

«Қазақстандағы этносаясат: тарихы және даму перспективалары"Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында ү.ж 28 қазанында
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім»
КММ-ң қолдауымен «Болашақ» университетінің ғылыми-кеңес залында
«Қазақстандағы этносаясат: тарихы және даму перспективалары» тақырыбында
ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті.

 Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығы хабарлады.

Конференцияның басты мақсаты – этносаралық
қатынастарды және этносаяси жағдайды зерттеу, отандық патриотизмді
қалыптастыру, ғылыми зерттеу арқылы қоғамдық тұрақтылыққа шақыру,
мемлекеттiң тәуелсіздігін, интеграциялық саясатты насихаттау.

Жиынға ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және
конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысыА.Сәдуақасова,
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші
орынбасары М.Баекеев, «ҚКХП» Қызылорда облыстық комитетінің І-хатшысы
Т.Телеубаев,Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы
Ғылыми-сарапшылық топ, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, жоғары және
орта арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, білікті
ғалымдар, т.б. қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз