Қазақстандық өнер жұлдыздары Батырхан Шүкеновтың қазасына көңіл айтуда

41

0

Қазақстандық өнер жұлдыздары Батырхан Шүкеновтың қазасына көңіл айтудаТанымал әнші Батырхан Шүкеновтың қазасын Қазақстандық өнер жұлдыздары қайғыра қабылдап, өз көңілдерін білдіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өмірде екі-үш мәрте ғана кездестік. Соңғы кездесуде әңгімеге өзі тартты. «Домашние войны» сериалын көріпті. «Что-то новое в казахских сериалах, светлое, доброе…» – деп біраз мақтау айтты.

Отырған жерімізде қосулы теледидардан Федор Бондарчук сөйлеп жатыр еді. Батыр оның әкесі Сергей Бондарчуктың «Тынық Доны» туралы сұрады. «Французы не руские, даже не казаки» – деп, мен де ол киноны біраз «сыпырып» тастадым. Сергей Герасимовтың «Тынық Доны» жайлы ұзақ, тамасана, сағына әңгіме айттық. Ұзақ әңгімемен отырып мен тапсырыс берген шайды әкелмегенін білдік. Батыр күліп «Здесь подают основном кофе, и мы казахи как будто бы постоянно пьем кофе, они не знали что к ним зашел қазақ» – деп, даяшы қызға шайды қайта тапсырды. Ол шай жарты сағаттан кейін келді. «Точно шай по казахский болды» – деп күліп тарастық… Ендігі қалғаны осындай үзік әңгімелер ғана. Иманы жолдас болсын!», деп сағына еске алады өзінің жеке парақшасында белгілі актер Асқар Наймантаев.

Сонымен бірге Алтынай Жорабаева, Мейрамбек Бесбаев, Мәдина Сәдуақасова, «Кешью» тобы өздерінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтпай келген қазаға орай әншінің жақындарына көңіл айтқан.

«Батырхан, сен біздің жүрегімізде мәңгілік болып қаласың!!! Жаның жәннатта болғай!!!», деп жазады Мәдина Сәдуақасова.

Тележүргізуші Динара Сәтжан қайталанбас дауыс иесінің мезгілсіз қазасына әлі сене алмай отырғандығын жазады.

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен де әлеуметтік желіде әншінің туыстарына көңіл айтты.

Қазақстандық актер, режиссер Нұртас Адамбай Фейсбукте: «Батырхан, Сіз өз халқыңыз үшіл мол шаруа атқардыңыз. Туыстары, барша қазақстандықтар мен талантты музыканттың өнеріне табынушылардың қайғысына ортақпын», – деп жазды.

Әнші Дильназ Ахмадиева: «Не айтарымды да білмеймін… Сене алмай отырмын… Мен үшін сен бір алыс жерге ұшып кеткендейсің… Мұндай болу мүмкін емес… Сенбеймін, сенбеймін, сенбеймін… Сенің хаттарыңды оқып, сене алмай отырмын…», деп білдірді қайғысын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз