Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

47

0

Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын боладыАталған
анықтаманы алу үшін азаматтың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты
болуы және қажетті өтініштерді толтыруы тиіс.Егер тұтынушы ХҚКО-ға жеке өзі келе алмаса, қызметті алуға жүгінген
өкілге нотариалды куәландырылған сенімхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Білім және
ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын,
енді «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесі туралы анықтаманы ҚР-ның
барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдік жоғары оқу орындарының түлектері
кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртібімен жүгіне алады және де
олардан аталған қызметті алуға өтінім қабылданады», – деп атап өтті.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Астана тұрғындары үшін 1 жұмыс күнін
(құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа
өңірлердің тұрғындары үшін – күнтізбелік 15 күнді (құжаттарды қабылдау күні
мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.

Мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемкүл Серікқызы І және ІІ топ мүгедектігі бар
адамдардың үйіне барып көрсетілетін қызметтер жөнінде хабарлады. Бұл үшін
оларға 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну және қызметті
алу үшін қолайлы уақытты көрсету керек. Мобильдік топ 72 сағат ішінде қызмет
көрсету үшін үйге барады.

Анықтама ретінде: Бүгінгі күні Қазақстанда 191 мемлекеттік қызметті
көрсететін 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.

Ағымдағы жылдың 8 айының
сараптау жұмысы нәтижесінде ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет
көрсетілген.

 

Қызылорда қаласының №1 бөлімі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз