
«Мерекелер туралы» ҚР Заңына сәйкес демалыс пен мерекелі күндер тұспа-тұс келсе, мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болмақ. Биылғы жылы Конституция күні 30 тамызда, сенбі күні аталып өтіледі.
ҚР Конституциясы күні – мемлекеттік мереке, сондықтан да заңнамаға сәйкес мерекелі күн болып есептеледі. Мерекелі күндер жұмыс жасамайтын күн болып саналады.