«Қазақстанның 100 жаңа есіміне» арнап 100 теленовелла жарыққа шығады

60

0

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша алдағы уақытта қандай жұмыстар жоспарланып отырғанын атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Шынында да, олар танымал бола бастады. Заманауи технологиялар заманында жаңалықтар легі тез ұмытылып кетуі мүмкін. Сондықтан, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» бойынша біз арнайы жол картасын әзірледік. Келесі жылы сәтін салса үздік жүздікке енген адамдарға арналған 100 теленовелла жарыққа шығар деп үміттенемін. Біз бұл туралы әлі де толығырақ айтамыз. Мүмкін бұл арнайы роликтер ретінде шығады. Олар бағдарламаға қатысады», – деді Дәурен Абаев ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында.

Министрдің айтуынша, үздік жүздікпен бірге, жалпы жобаға қатысқан 2100 адам ұмыт қалмайды.

«Қолымыздан келсе, бұл адамдар жастардың алдында сөз сөйлеп, ашық сабақ өткізсе деген ойымыз бар. Толық жоба бар. Біз бұл жобаны жайдан-жай қалдырмаймыз. Мен бір құпияның бетін ашайын. Біз үстел басында отырғанда Президент жалпы тізімге қанша адамның тіркелгенін сұрады. Мен 2100 адам екенін атадым. Ол сол кезде 2100 адамның барлығын үлгі етуді сұрады», – деді Дәурен Абаев.

Ол сонымен бірге, жұмыс жаңа форматта жалғасатынын тілге тиек етті.

Дәурен Абаевтыңайтуынша, бұл бүкіл министрліктердің, ҚХА-ның бірлесе атқаратын жұмысы. «Ең басты жетістік – бүкіл азаматтық қоғамның қолдау білдіруі».

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз