Қазақстанның үздік боксшылары анықталды

112

0

Қазақстанның үздік боксшылары анықталдыОблыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық бокс федерациясының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстанның мықты боксшылар турнирі аяқталды.

Бес күнге созылған тартысты бәсекеде еліміздің барлық аймағынан таңдаулы деген 166 былғары қолғап шеберлері 10 салмақ дәрежесінде бақ сынады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Аталмыш чемпионатқа жастар арасында Әлем және Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында олжа салған спортшылар қатысты. Жарыс нәтижесінде 1994-1996 жылдары туылған ересектер арасында ұлттық құрама командаға алынатын үздік спортшылар анықталды.

Қызылорда облысының намысын 12 спортшы қорғап, 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді иеленді. Жарысты Сидней және Бейжің Олимпиадаларының чемпиондары, атақты боксшылар Ермахан Ыбрайымов пен Бақыт Сәрсекбаевтар тамашалады.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды. Енді ел чемпиондары мен жүлдегерлерінің алдында үлкен міндеттер күтіп тұр. Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

49 келі салмақта:

I орын – Дулат Дәуітов (Қызылорда обл.)

II орын – Шалқар Айқынбай (ОҚО)

III орын – Ақниет Балтабаев (Қарағанды обл.)

III орын – Жәнібек Есқуатов (Маңғыстау обл.)

52 келі салмақта:

I орын – Сағындық Молдашев (БҚО)

II орын – Мадияр Жанұзақ (Астана қ.)

III орын – Әлібек Басапа (Қызылорда обл.)

III орын – Ернар Өкен (Алматы обл.)

56 келі салмақта:

I орын – Константин Брусенский (Алматы обл.)

II орын – Айдар Иманғалиев (Алматы қ.)

III орын – Олжас Қалаубек (ОҚО)

III орын – Сұлтан Зауырбек (ОҚО)

60 келі салмақта:

I орын – Ернұр Өлмесбек (Қызылорда обл.)

II орын – Дильмурат Мижитов (Алматы қ.)

III орын – Қанат Көптілеуов (Маңғыстау обл.)

III орын – Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)

64 келі салмақта:

I орын – Абылай Алиханов (Жамбыл обл.)

II орын – Айдархан Нуканов (ШҚО)

III орын – Әділ Закир (Астана қ.)

III орын – Андрей Лейхнер (Ақмола обл.)

69 келі салмақта:

I орын – Қазыбай Жалғасбай (Қызылорда обл.)

II орын – Илья Очкин (Павлодар обл.)

III орын – Амандық Манашев (Атырау обл.)

III орын – Максим Панарин (Алматы қ.)

75 келі салмақта:

I орын – Бекболат Есен (ОҚО)

II орын – Қуандық Жүсіп (Қызылорда обл.)

III орын – Рустам Жұмағұлов (Қостанай обл.)

III орын – Айтжан Шлеев (Жамбыл обл.)

81 келі салмақта:

I орын – Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл.)

II орын – Вадим Казаков (Ақмола обл.)

III орын – Бекжан Бакиров (Жамбыл обл.)

III орын – Игорь Эрзямкин (Қарағанды обл.)

91 келі салмақта:

I орын – Айбек Ерметов (ОҚО)

II орын – Әбілхайыр Тұрланбеков (Жамбыл обл.)

III орын – Темірлан Қабиев (Қостанай обл.)

III орын – Абылай Бақторазов (Маңғыстау обл.)

+91 келі салмақта:

I орын – Қанағат Ахмедов (Алматы қ.)

II орын – Сабурғали Самбаев (Маңғыстау обл.)

III орын – Елдос Қадырбаев (Алматы обл.)

III орын – Асылхан Тухтаев (Қарағанды обл.)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз