
Жылдың соңына қарай, ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин өзінің истаграмм желісіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен түскен селфиді салған еді. Қызу талқыға түскен фотосуретті әлуметтік желілердің өзге де қолданушылары өздерінің жеке парақшаларына салып, көрушілер санын көбейткен.
Сондай-ақ, еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлымен әнші Бейбіт Кушкалиев алғаш рет селфи жасаған болатын. Үздік селфилар қатарында жас әнші Рүстем Жүгінісовтің Дариға Назарбаевамен түскен суреті де бар. Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен де түскен еді.
Бұдан өзге өздерін-өздері суретке түсірушілердің қатарында Иманғали Тасмағанбетов, танымал әнші Қайрат Нұртас, «Кеш ю» тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева, Баян Есентаева, Ғани Қасымовтар бар. Ресей саясаткерлері Путин, Медведевтер те өз-өздерін суретке түсірген болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!