«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ 6 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІГІНЕ БЕРДІ

42

0

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ 6 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕНШІГІНЕ БЕРДІБүгін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өзінің еншілес компанияларының
кеңселері Қызылорда облысына көшірілетінін мәлімдеп, компанияның қаржысы
есебінен салынған 6 әлеуметтік нысанды коммуналдық меншікке табыстады.
Осы жылдың соңына дейін жергілікті атқарушы органдар теңгеріміне қосымша
тағы 2 әлеуметтік нысан, яғни медициналық кешен және қуат тасымалдайтын
компания берілетін болады.
    Компаниялардың аймаққа көшуін облыстың дамуы және салық базасын
кеңейтуге серпін береді. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар үшін қосымша
жұмыс орындары ашылады. Профильдік емес активтермен нысандарды қайта
табыстау Елбасының тапсырмасымен, компанияның қызмет тиімділігін
арттырып, экономикалық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында жүргізіліп
жатыр.
    – «Қазатомпром» тарапынан облыстың теңгеріміне беріп отырған
нысандарды ұстап тұруға 2015-2016 жылдарға 1,6 млрд. теңге бөлінді.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін
қызылордалықтардың атынан Ұлттық компанияның басшылығына алғысымды
айтамын, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
    Уран өндіретін елді мекендерде орналасқан әлеуметтік маңызды
нысандарды табыстау компания және жергілікті атқарушы органдар арасында
2015-2016 жылдары оңтүстік аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамыту
бойынша жасалған меморандум шеңберінде жүзеге асырылды.
    – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әлеуметтік салаға барынша көп көңіл
бөлетін компания. Қазір компания тарапынан салынған 6 әлеуметтік нысанды
Қызылорда облысы әкімдігінің теңгеріміне тапсырып отырмыз. Айта кететін
маңызды мәселе осы әлеуметтік нысандарда жұмыс істейтін қызметкерлердің
жұмыс орындары толық  сақталатынын мәлімдеймін. Және Сыр өңірінің дамуы
жолында әкімдікпен бірлесіп жұмыс істейтеуге дайынбыз, – дейді
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев.    
    Қазіргі таңда Қызылорда облысының әкімдігі теңгеріміне 6 әлеуметтік
маңызы бар нысан, атап айтқанда 280 орындық балабақша, мәдениет үйі,
спорттық-сауықтыру кешені мен қонақ үйі өткізілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз