«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі балабақшаны жөндеуге 10 млн теңгедей қаржы бөледі

47

0

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда облысы Шиелі кентіндегі балабақшаны жөндеуге 10 млн теңгедей қаржы бөледі«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев Қызылорда
облысына жасаған сапарының қорытындысы бойынша Шиелі кентіндегі
балабақшаға жөндеу жүргізуді қаржыландыруды «Қазатомөнеркәсіп-Демеу»
ЖШС-не тапсырды. Ұлттық атом компаниясы облыс әкімдігімен
әлеуметтік-экономикалық саладағы ынтымақтастық аясында жөндеу жұмыстарын
жүргізу бойынша 10 миллион теңге көлеміндегі міндеттемені мойнына
алады, деп хабарлайды«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті.

«Айналайын»
балабақшасы 2008 жылы ашылған болатын. 280 орындық мектепке дейінгі
балалар мекемесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес компаниясының
қаржысына салынған.

Балабақша тәрбиеленушілерін қазақ және орыс
тілдерінде 12 топқа бөліп оқытады. Сапа стандарттарына толығымен сәйкес
келетін мекемеде балдырғандардың рухани, мәдени және физикалық дамуы
үшін не қажеттің бәрі қарастырылған: білікті педагогикалық ұжым, спорт
секциялары, музыкалық-театр үйірмесі, бассейн және т. б.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз