«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда облысынан 9,5 млрд теңгеге өнім сатып алмақ

49

0

«Қазатомөнеркәсіп» Қызылорда облысынан 9,5 млрд теңгеге өнім сатып алмақ«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев 14-15 маусымда жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды.

Бұл туралы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінен хабарлады.

Ұлттық атом компаниясының басшысы мен Қызылорда
облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өткен кеңесте өңірдегі
уран өндіруші кәсіпорындардың даму болашағы, сондай-ақ
әлеуметтік-экономикалық саладағы қазақстандық үлесті арттыру және екі
жақты өзара ықпалдастықты өркендету мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Асқар Жұмағалиев пен
Қырымбек Көшербаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Қызылорда облысының
әкімдігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға жергілікті
мазмұнды дамыту мәселелеріне қатысты қосымша келісімге қол қойды.

Ұлттық атом компаниясы отандық тауар өндірушілерді
қолдау аясында 2015-2016 жылдары 9,5 млрд теңгеге жергілікті
кәсіпорындардан химиялық реагент (күкірт қышқылы), полимер құбырлар және
басқа да өнімдерді сатып алуды жоспарлап отыр.

Сапар барысында Асқар Жұмағалиев холдингтің еншілес
кәсіпорындары қызметімен танысып, еңбек ұжымдарымен кездесті. Шиелі
кентінде «Уранэнерго» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС және
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-не қарасты нысандарды аралады.

Компания басшысы жер асты шаймалау әдісімен уран
өндіретін «Семізбай-U» ЖШС, «КБ-6» ЖШС және «Бәйкен-U» ЖШС кеніштерінде
болды. Аталмыш технология кен орнын игерудің экологиялық таза және
қауіпсіз әдісі ретінде танылған.

«Қызылқұм» ЖШС-нің вахталық кентінде Асқар
Жұмағалиев қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Сондай-ақ, ұлттық атом компаниясы басшысы Қызылорда облысының Жаңақорған
ауданындағы «СКЗ-U» ЖШС-нің күкірт қышқылы зауытында болды. Зауыт
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарын кеніштердегі уран өндіру
үдерісінде негізгі реагент саналатын күкірт қышқылымен қамтамасыз етіп
келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз