Қазақтың күйіне сүйсінген Джеки Чан

44

0

Қазақтың күйіне сүйсінген Джеки Чан Әнші Димаш Құдайберген әйгілі актер Джеки Чанға домбырамен күй орындап берді. Қазақтың күйін сүйсіне тыңдаған ол көрерменнің жүрегін елжіретті деп хабарлайды NUR.KZ.
Қытайда өтіп жатқан The singer байқауының қатысушысы, жас әнші Димаш Құдайберген осыдан бірер күн бұрын әйгілі актер Джеки Чанмен кездесіп, желіні дүр сілкіндірген болатын.
Бүгін әншінің жан досы әрі менеджері Алпамыс Шәрімов домбырада ойнап отырған Димаш пен оған сүйсіне қарап тұрған қытайлық актердің суретін өзінің Facebook-тағы парақшасына жариялады.
«Саясат? Бір гәп бар? Тағы қандай еді сіздердің күмәндарыңыз? Жай ғана екі өнер адамы кездесіп, өнер тілінде сөйлесуде! Нұрғисаның «Әлқисасын» тыңдап отыр…», – деп жазды ол.
Қазақтың күйіне сүйсінген Джеки Чан
Қазақтың күйіне сүйсінген Джеки Чан
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз