ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

69

0

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырдыҚызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері облыстық қан орталығына қан тапсырды, деп хабарлады облыс бойынша ҚАЖ департаменті. Олар өздерінің қарбалас жұмыстарына қарамастан, өзгеге өмір сыйлауға үлестерін қосты.
Қызметкерлер бұл қайырымдылық шараны Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толу мерекесіне орайластырып отыр. Мұндай қайырымдылық шарасын қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері 10 жылдан астам уақыттан бері жүргізіп келеді. Қан алу үшін Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қан орталығының жылжымалы лаборатория қызметкерлері жұмыс атқарды.
«Бір тамшы қаным – жанға араша», – деп ақ ниетті көңілмен қол ұшын созу мақсатында облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған бағынысты тергеу изоляторы мен түзеу мекемелері қызметкерлері ерікті түрде, өз қалауларымен облыстық қан орталығының мамандарына қан беру жұмыстары жүргізілді.
Қан орталығының мамандары Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлеріне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз