Ақжарма тірек ауылға айналмақ

47

0

Ақжарма тірек ауылға айналмақ Сырдария. Үстіміздегі жылы аудандағы екі ауылдық округте тірек ауылдар бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасатын болады. Оның ішінде Ақжарма ауылы республикалық бюджеттен қаржыландыратын болса, Бесарыққа облыстың қаржы қазанынан ақша қаралмақ. 
  Биыл Ақжармада орта мектеп пен «Бүлдіршін» балалар бақшасы, ауылдық клуб күрделі жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, елді мекеннің 4 көшесінің ішкі жолдары жөнделіп, тағы 3 көшеге жарық тартылады. Оған қоса ауыз су кешенін кеңейту мен қайта жаңғырту шараларына мән беріледі. Ауылда 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Оның 4-і «Ақжарма және К» шаруа қожалығының еншісіне тиеді. Қожалық мүшелері 100 бас малға арналған бордақылау алаңын 5 есеге арттыруды жоспарлап отыр. Ал екінші жоба – тәулігіне 40 тонна күріш ақтайтын цех, қазір бұл кәсіпорын жұмысын бастап кеткен. Қожалық мүшелері одан басқа жобаларды жүзеге асыруға жұмыс жасап отыр
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз