Азия чемпионатынан олжалы оралды

35

0

Азия чемпионатынан олжалы оралды   Қармақшы. Жақында Қытай Халық Республикасының Хайньян қаласында дзюдодан жастар арасында Азия чемпионаты болып өтті. Осы байрақты жарысқа Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында ел намысын қорғаған қармақшылық балуандар табысты оралды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада «Қармақшы аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Дархан Алмахановтың шәкірттері Ерлан Жақсыбеков (60 келі) пен Еламан Ерғалиев (100 келі) өз салмақтарында жүлделі ІІ орындарды иеленіп, ел мерейін тасытты» делінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз