Оңтүстік Кореяның Инчхон
қаласында XVII Азия ойындары өтуде. Спорт ойындарының бағдарламасы
бойынша гандболдан Қазақстан құрама командасы Қытай
елінің ойыншыларын 27:26 есебімен жеңіп, қола жүлдені еншіледі.
Қазақстан құрама сапында Қызылорданың
«Сейхұн ҚАМ-ҚМУ» командасының ойыншылары, гандболдан ҚР халықаралық
дәрежедегі спорт шеберлері Евгения Цупенкова, Наталья Ильина және ҚР спорт
шебері Виктория Колотинская өнер көрсетті, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
«Сейхұн ҚАМ-ҚМУ» командасының
ойыншылары үстіміздегі жылдың 20 қазан күні Өскеменде әйелдер арасында
Қазақстан чемпионатының суперлига ойындарының
4-ші, қарашада 5-ші, желтоқсанда 6-шы айналымдарына қатысады.
Спортшыларымызға сәттілік
тілейміз!
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!