«Қазконтент» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

70

0

«Қазконтент» АҚ-ға жаңа басшы тағайындалдыКеше ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Енді компанияға Евгений Кочетов басшылық етеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Евгений Кочетов бұл қызметте Шыңғыс Шарапиевті алмастырды.
Айта кетсек, Кочетов Евгений Дмитриевич 1988 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін қаржы мамандығы бойынша, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика магистрін тәмамдаған. «Kaztube» порталының жетекшісі, «Казконтент» АҚ басшысының орынбасары, «Informburo», «Vlast» порталдарының экономикалық шолушысы, «Kazakhstan real estate group» атқарушы директоры, «Корпорация «Цесна» АҚ девелопмент бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқарған.
Соңғы қызметі – «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз