Қазпошта бөлімдерінен тұрғын үй депозитін ашуға болады

45

0

«Қазпошта» АҚ мен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ортақ келісімге келді. Енді қаладан алыс орналасқан ауыл тұрғындарына дипозит ашу үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арнайы барудың қажеті жоқ.
Банк салымшылары тұрғын үй жинақтамасын пошта байланысы арқылы жүргізе алады. Ол үшін жергілікті Қазпошта бөлімшесіне жеке куәлікпен барып, өз есіп-шотына 15 000 мың теңге салса болғаны. Депозит ашу пайызсыз, тегін. Банк салымдары мен төлемдері де ақысыз. Бүгінде Қазақстанда Қазпоштаның 800-ден астам бөлімшелері жұмыс істейді. Оның 62% ірі қалаларда, 38% аймақтарда орналасқан. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазпошта» АҚ Қаржы қызметтер жөніндегі басқарушы директор Айнұр Күнқожаева мәлімдеді.
-Республика бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 17 филиалы мен 15 қызмет көрсету орталығы және 150 кеңес беру орталығы жұмыс істейді. Ал, елімізде ең көп филиал желісі бар Қазпошта арқылы бұл мүмкіндіктер арта түсті. Бұл жоба банк қызметтерінің қолжетімділігін көрсетумен қатар, пошталық операторлар арқылы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары туралы көбірек ақпараттандыру деген сөз», – дейді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқармасы Төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.
 Бүгінгі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 950 мың жинақтаушы есеп-шоты ашылып, 460 млрд тенге салым жүргізілгенін атап өтті. Жобаның тағы бір жаңалығы – банк операциялары тегін жүргізіледі. Оған дейін 1% құраған еді. Бұл тараптар арасындағы келісім нәтижесінде қол жеткізілген жағымды жаңалықтар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз