«Қазыналы қарттар – сырға толы шежіре»

72

0

«Қазыналы қарттар - сырға толы шежіре»Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен облыстық Қарттар үйінде 2 қазан күні «Қазыналы қарт, сырға толы шежіреміз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
Шарада сөз алған ассамблея хатшылығының басшысы Л.Төрешова аға ұрпақ өкілдеріне Елбасы Н. Назарбаевтың тарапынан жасалып жатқан қамқорлығы, мейірім-шапағаты жайлы айта келіп, жасы үлкенді сыйлау, қарттарымызды қадірлеп, құрметтеуді естен шығармауға шақырды.
Шара соңында әрбір ардагерге арнайы мерекелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының директоры В. Толоконников демеушілік жасап, медициналық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететінін атап өтті.
Сонымен бірге облыстағы этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Атқарылған іс-шараға қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, батасын берді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз