
АҚШ дайындаған құжат жобасында Ресейдің жағдайды «диалог» арқылы бейбіт түрде реттеу қажеттігі жөніндегі ұсынысы есепке алынған.
КХДР-ға қатысты мәлімдеменің алғашқы нұсқасына Пхеньянның одақтасы Қытай қолдаса да, Мәскеу қарсы болған.
20 сәуірде Солтүстік Корея АҚШ-ты «супер қуатты бомбамен атқылап, елдің күл-талқанын шығарамыз» деп қатер төндірген.
Мұндай мәлімдеме КХДР-дың мемлекеттік баспасөзінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның Пхеньянды келіссөзге шақыру үшін, қысым көрсету керек деген сөздерінен кейін жарияланды.