Бақ өкілдері арасындағы футзалдан дәстүрлі турнир өтті

58

0

Бақ өкілдері арасындағы футзалдан дәстүрлі турнир өттіҚорқыт ата атындағы ҚМУ «Сейхун» спорт кешенінде «Сыр медиа» ЖШС,
«Қаламгерлер қауымдастығы» ҚБ, «Қазақстан журналистер одағы» Қызылорда
облыстық филиалының ұйымдастыруымен белгілі журналист Әділхан Бәйменнің
рухына арналған БАҚ өкілдері арасындағы футзалдан дәстүрлі турнир өтті.
Айтулы шарада облыс бойынша 6 команда бақ сынасты. Олардың
қатарында «Сыр медиа» ЖШС, «Сыр бойы» газеті, республикалық БАҚ-ың
меншікті тілшілері,
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы, Қызылорда қоғамдық телеарнасы,
баспасөз қызметінен құралған командалар керемет ойын өрнегін көрсетті.

Ашылу салтанатында «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев,
ардагер-журналист, қазақтың қабырғалы ақыны Әскербек Рахымбекұлы,
Әділхан Бәйменнің ағасы Сапа Исмаиловтар құттықтау сөз сөйлеп, белгілі
журналист жайлы толғаныстарын жеткізді.

Турнир қорытындысымен
1-орын Қазақстан-Қызылорда, 2-орын меншікті тілшілер, 3-орын Сыр медиа
ЖШС иеленді. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Айта кету
керек, турнир биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз