БАҚ өкілдері Қазалы ауданындағы жаңа жобалармен танысты

44

0

БАҚ өкілдері Қазалы ауданындағы жаңа жобалармен таныстыҚазалы ауданында баспасөз туры ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері жүзеге
асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, – деп хабарлады аудан әкімінің
баспасөз қызметі.
    Олар әуелі жас кәсіпкер А.Әуезованың «М-Бай» дәмханасы мен темір
өңдеу цехының жұмысын көрді. Одан соң аудандық Жастар үйінде орналасқан
«Барлығы да рахмет үшін» әлеуметтік дүкенін аралап көрді. Мұнда бүгінге
дейін 500-ден астам тұрғынға киім-кешек түріндегі көмек көрсетілген.
Ерекше сауда орындарындағы тауарлар ақшаға емес, адамның бір ауыз алғысы
үшін беріледі.
    Бизнес орталығы «Тамшы су» таза су өндіру цехы, «Сыр маржаны» ЖШС
мал бордақылау алаңында болған БАҚ өкілдері кәсіп иелеріне өздерін
қызықтырған сұрақтарын қойды. Журналистер одан басқа ауданның көрікті
жерлерін тамашалады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз