Бағаны тұрақтандыру үшін меморандум жасалды

38

0

Бағаны тұрақтандыру үшін меморандум жасалдыШиелі. «2014
жылдың 18 ақпанында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек
саудадағы бағасының шекті мәні бекітілді. Сондай ақ, азық-түлік бағасын
шарықтатпай ұстау Елбасы Н.Назарбаевтың Үкіметке берген тапсырмасы
болғандықтан, қатаң қадағалауда болады» – деді аудан әкімі Мұрат
Ергешбаев.

Аудан басшысы бұл
мәлімдемені азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында аудан кәсіпкерлерімен
өткен жиында баяндады.
Одан өзге, жиын барысында тұрмысы төмен
отбасыларына 20-30 пайыз төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сату үшін жеке
кәсіпкер Қадыров Муятулламен меморандум жасалды. Ал, жалпы бағаны тұрақтандыру
бағытында азық-түлік тауарларын ұсынушы жеке кәсіпкерлер Тамара Маханбет,
Айткүл Әбдіқадырова және «Дархан-1» ӨК директоры Сұлтан Көбеновтермен келісім
жасалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз