
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағаны тұрақтандыру мақсатында аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сататын 10 кәсіпкермен бағаны негізсіз көтермеу жөнінде 2014 жылдың аяғына дейін меморандумға отырылды. Олар негізінен ұн және ұн өнімдерін, өсімдік майын, көкөніс, жеміс-жидек әкелуші кәсіпкерлер. Облыста белгіленген 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түліктің бағасы туралы күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр.
2014 жылдың 11 ақпаны күні теңге еркін нарыққа жіберілгенімен 24 ақпан аралығымен салыстырғанда ауданда азық-түлік бағасы негізінен тұрақтылығын сақтап келеді. Халық көп тұтынатын І сортты 1 қап ұн 2800-2900 теңгеден болса, сиыр еті 1100 теңге, түйе еті 1000 теңге, жылқы еті -1300 теңгеден, картоп 110-теңгеге, ал, жуа 80 теңгеден, сәбіз 90-теңгеден, қырыққабат 80-теңгеден, қант 150- теңгеден сатылуда.
Халықты арзан бағадағы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр» ӘКК»ҰҚ»АҚ-мен келісім-шартқа отырып, өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорынан алған арзан бағадағы 1 тонна сәбіз, 10 тонна жуа, 3 тонна қырыққабат, 10 тонна қант өнімдері әкелінді. 2012 жылдың 27 шілдесінен бастап ұн бағасының қымбаттауына байланысты ауданда 2 жеке кәсіпкер ұн таратушы оператор болып меморандумға отырып, 1 қабын 2600-2700 теңгеден сатып келеді.