Бағаны қымбаттатпау жөнінде меморандум жасалды

52

0

   Арал. Ауданда нан пісіретін наубайханалар иелерімен және негізгі азық-түлік өнімдерін сататын кәсіпкерлермен азық-түлік бағасын өсірмеу, бағаны тұрақтандыру мақсатында меморандумға қол қойылды. Аудан әкімдігі осылайша мәлім етті.
Бүгінгі күнге дейін ауданға барлығы 35 вагон (2338 тонна) ұн қабылданып, нан пісіретін наубайханаларға таратылып және аудан халқына 1 қабын 2600-2650 теңгеден сатылып келеді. Осы наубайханалар 1 бөлке нанды қала дүкендеріне және аудан халқына 45 теңгеден сатып отыр.
Мұнымен қоса Арал қаласы орталығында қала, кент, ауылдық округтердің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Онда ауыл шаруашылық өнімдері қала халқына базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада ұсынылады. Аудандағы жеке кәсіпкер С. Саянов қыс айында көкөніс сақтауға 200 тонналық қойма (картоп, жуа, сәбіз) дайындады. Бұл кәсіпкер азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорынан өнім алып сату үшін «Байқоңыр» ӘКК» ҰҚ» АҚ-мен келісім-шарт жасады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз