Баба мерейтойына кәсіпкерлер үлес қосуда

46

0

Баба мерейтойына кәсіпкерлер үлес қосудаБиыл атамекен жерімізді жетпіс жыл бойы сырт жаулардан
қорғап, халқының болашағы үшін басын бәйгеге тігіп, кеудесін оққа төсеген Халық
батыры, әулие бабамыз Жанқожа
Нұрмұхаммедұлының  туғанына 240 жыл толып отыр.
 
2014 жыл Қазалы ауданында «Жанқожа
батыр жылы» деп жарияланып, көптеген мәдени, рухани танымдық шаралар өткізу
межеленуде.Сонымен қатар батыр-баба рухына құрмет көрсету мақсатында шараларын
қабылдау  қажеттілігі зират басына,
тілеуханаға жөндеу, тазалық жұмыстары қажеттілігі ескерілген болатын. 
Мереке қарсаңында бұл жұмыстарды елі үшін аянбай қызмет
етіп жүрген азаматтарбатыр баба рухы алдындағы перзенттiк парыздарын орындап, әруақ
үшiн қызмет етуге әрқашан аянбайтындарын көрсетті. Олар «Досбол-Құрылыс и К»
жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнің директоры Сәбит Аралбаев және «Болашақ»
жауакершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Әлиев Панабек.
 Бұл екі серіктестіктің де аудан көлемінде белді
жұмыстарды атқарып, көпшiлiктiң көңiлiнен шығып, елдің батасына бөленіп жүргені
белгілі. Олар баба бейітінің басындағы бірқатар атқарылатын ауқымды жұмыстарды
алдымен жоспарлап алып, қыркүйек айының 17-19 аралығында іске кірісіп кетті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жұмысшы тобы алдымен зират басына барып тағзым
етіп,әрлеу, сырлау және тазалық жұмыстарын жасады. Баба басына келіп тілек
тілеушілерге арналған «Тілеухананың» іші-сыртын әктеп, есік, терезе, едендеріне
сырлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тілеухана ауласына тазалық
жұмыстарын жасап, үйге кіре беріс табалдырығын қайта салды.
Бұл игілікті шара алдағы уақытта өз жалғасын табатын
болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз