«Бабалар сөзі» – даналық көзі

228

0

«Бабалар сөзі» – даналық көзіӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бабалар сөзі – тәрбие көзі-жан азығы» атты танымдық кеш болып өтті. Оған Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың оқытушылары, белсенді жастар ұйымының мүшелері мен жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. 
Кітапхананың аванзалында даналар сөзі жазылған баннер қойылып, Тәуелсіздік жылдары жарық көрген әдебиет туындылары келушілер назарына ұсынылды. Мұнан өзге шара барысында «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты бейнеролик тамашаланды. 
Жалпы, танымдық кештің мақсаты Елбасының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасын таныстыру болып табылды. 
Сондай-ақ, танымдық кешке қатысқан Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Айман Айтбаева мен «Болашақ» университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сара Тайманова жастарға кітаптың мазмұны мен ұлылардың даналық сөздері өсиеті мол қазына  екенін кеңінен әңгімеледі. 
Кеш барысында жастар қазақтың ұлттық аспаптарымен түрлі туындыларды орындаса, енді бірі ел Тәуелсіздігіне арналған жырларын оқып, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді. 
С.ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз