Бағбан болсаң, бақ өсір…

107

0

Бағбан болсаң, бақ өсір...Аяқ су мәселесі ақсап тұрған ауылда есік алдын бау-бақшаға айналдырған бағбан бар. Жаңақорған ауданы Қаратөбе ауылының тұрғыны Әбусейіт Бейсенов есімді ағамыз бұрындары алып техникаларды меңгерсе, бүгінде зейнеткерлік жасына жеткенде жасыл желекке жаны құмар.
Жеміс-жидек ағаштарын бір-біріне будандастырудың қас шебері. «Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір» деген нақылды өмірлік ұран еткен ағамыздың бау-бақшасында; долана, айва, алмұрт, алхоры, қараөрік, жүзімнің баяншірей, өгізкөз, мақпалшырын, тайпей, кішміш секілді түрлері жайнап тұр. Ауланы құдды бір Иран-бағы дерсіз. Әлгінде айтқанымыздай Әбусейіт ағамыз доланаға алманы, айваны алмұртқа, жүзім түрлерін бір-бірлеріне будандастырып бір ағаштан қос түрлі жемістер өнім беруде. «Жан  қиналмай жұмыс бітпес, талап етпей мұратқа жетпес» демекші, жемістен бөлек гүлдің жасылды-қызылды түрлері есік ауласына тамаша көрініс беріп тұр. Шырмауық гүлде яғни, бағбанның тілімен айтқанда «түнгіханшайым» да айналақ оршауды жасыл желектей жарқыратуда. Дей тұрғанмен әрбірістің өз қиыншылығы болады.
– Жердің құнары жоқ. Органикалық тыңайтқыштармен тыңайтып отырамыз. Аяқ су мәселесі тіптен қиын. Бау-бақшаны бірс уарғанда үйдіңқ арасын көрмей бір жеті жұмыс істегендей боламыз. «Сумағар» каналынан келетін аяқ суды әзер арнамызға бұрамыз. Дей тұрғанменде бағбаншылығымды тоқтатпаймын. Жүрген жерімде көрші-қолаң, ағайын-туыс болсын әуілдерің еағашотырғыңыздар деп насихат қыламын, – деп, жасыл желекке жаны құмар екендігін тілге тиек етті мақалакейіпкері. 
Жері шұрайлы болмаса да, ақшаң тұз тартқан топырақтан түрлі жеміс ағаштарын жайқалтып, өнімін отбасы игілігіне айналдырып, табиғат берген сыйдың қадірін ұғынуды балаларымен немерелеріне жадылап, өзінің сүйікті ісін ұрпағына ұлықтауды мақсат етеді біздің қаратөбелік бағбан.
Жадыра Ерсінбекқызы
Жаңақорған ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз