«Бағбан» кітапханалық клубы ашылды

44

0

«Бағбан» кітапханалық клубы ашылды Жуырда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ауылшаруашылық және техникалық әдебиеттер бөлімінде  «Бағбан» кітапханалық клубы өз жұмысын бастады.
Тағылым мен тәлімі мол клубтың ашылу шарасына Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Ж.Әбілдаева, биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Байкенжева, аға оқытушы Б.Байжанова, инженерлік-технологиялық факультеті «Аграрлық технологиялар» кафедрасына қарасты  «Жасыл алаң» үйірмесінің мүшелері, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің оқытушылары Н.Жүсіпова, Т.Лепесова және осы салада мол тәжірибесі бар ардагерлер қатысты.
Шараға қатысушылар саяжай мен  бау-бақшаны күтіп-баптау, одан жақсы өнім алудың амалдары жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. «Бабын тап та бақ өсір» атты кітап көрмесіне шолу жасап, клубтың жыл бойы атқаратын жұмыстар жоспарымен танысты. Сондай-ақ, «Самодельные подделки для сада и дачи из пластиковых бутылок своими руками»  атты  бейнеролик көрсетілді.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз