Бағдарлама қатысушылары 2,96 млрд теңге көлемінде салық төлеген

48

0

Бағдарлама қатысушылары 2,96 млрд теңге көлемінде салық төлеген«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асырудың қорытындысы бойынша өткен жылы облыста 84 субсидиялау келісім шарты жасалды. Бұл бағдарламаның жүзеге асу барысындағы ең жоғарғы көрсеткіш! Барлығы 401 субсидиялау келісім шарты жасалып, 2016 жылы өсім 26 пайызды құрады. Ал, субсидияланған несие портфелі 17 пайызға артып, ұзаған жылдың соңына қарай 26 млрд теңгені құрап отыр. 
Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері төленген субсидия мөлшері 2,92 млрд теңгегені құраса, оның ішінде өткен жылғы көрсеткіш – 0,59 млрд теңгеге жетіп отыр. Өңіріміздегі бағдарлама қатысушылары өткен жылдың 11 айында 2,96 млрд теңге көлемінде салық төлеген. Жалпы, аталған бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері кәсіпкерлер тарапынан мемлекет қазынасына түскен салық көлемі бүгінде 33,5 млрд теңгеге жетті.  Бұл – мемлекеттік бағдарламаның тиімділігі мен нәтижелігінің дәлелі.
Өткен жылы өңірде «Даму» қорының аймақтық филиалы жалпы сомасы 0,73 млрд теңгені құрайтын 46 кепілдендіру келісім шартына қол қойған. Кепілдендіру портфелінің өсімі 50 пайызға көбейсе, аталған қордың кепілдендіруі арқылы жүзеге асқан жоба саны 45 пайызға артып отыр. Ал, кепілдендірудің тұтас портфелі 2,2 млрд теңгені құрап, барлығы 149 кепілдендіру келісім-шартына қол қойылды.
Осы бағдарламаның жүзеге асуы нәтижесінде 2016 жылы аймақта 1048 жұмыс орны сақталып, 827 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Есепті кезеңде өткен жылдың қазан айынан бастап, филиал экономиканың басым емес секторларын кепілдендіру мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Даму-Оптима» бағдарламасы аясында кәсіпкерлердің 5 жобасын кепілдендіруде. «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша сауда мен қоғамдық тамақтану, сән және сұлулық индустриясы саласында қызмет көрсетуге кәсіпкерлер мүмкіндік алды. Ал, өткен жылдың мамыр айында облыс әкімдігі мен «Даму» қоры арасында «Даму-Аймақтар» аймақтық қаржыландыру бағдарламасымен шағын және орта бизнес секторын несиелендіруге 0,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, 1,5 млрд теңге бірлестірілген несиені бөлу жолымен қосымша қаржыландырудың есебінен 32 жеке кәсіпкерлік субъектісі 8,5 пайыздық жылдық үстемемен жеңілдетілген несие алды. Ағымдағы жылы да өткен жылғы тәжірибені негізге ала отырып, бағдарлама аясында қосымша 1 млрд теңге қаржы бөлінеді деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз