Бағдарлама аясындағы байыпты бастамалар

67

0

Қызылорда.  Қалада үстіміздегі жылы «Бизнестің жол
картасы-2020» бағдарламасы аясында 26 жоба жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында
жалпы құны 4,9 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, жаңадан 889 жұмыс
орындары ашылды.

Олардың бірқатарын атап
өтелік. Мәселен, «Абзал и К» ТС-нің «Автокөлік құралдарын алу» жобасының құны
41 млн, теңгені құрайды, Жаңадан 155 жұмыс орны ашылды. «Келешек» ЖШС-нің
«Несие қарызын қайта қаржыландыру» жобасының құны 106 568 570 теңгені
шамалайды,  соның нәтижесінде жаңадан 93
жұмыс орнының тұсауы кесілді. «Қыран» ЖШС 234 млн. теңгелік  «Жүк тасымалдаушы автокөлік құралдарын алу»
жобасысын жүзеге асырып, жаңадан 20 жұмыс орны ашты. «Теплотехникс-2» ЖШС-нің
«Арнайы құрал алу» жобасының құны 6 195 000 теңгені құрайды, жаңадан
136 жұмыс орны ашылды. Өзге де жобалардың қала өмірінде маңызы ерекше.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз