Бала биде жаңа мектеп салынуда

48

0

Бала биде жаңа мектеп салынудаЕл экономикасының дамуында құрылыс саласының алар орны ерекше. Бүгінде қай жерде болсын, аталған сала қарқынды жүріп жатқанын байқауға болады. 
Осының дәлелі ретінде Шиелі ауданындағы 4 мыңнан аса халық орын тепкен Талаптан ауылдық округіне қарасты Бала би елді мекенінде жаңа үлгідегі 900 орындық мектеп құрылыс жұмыстары қызу жүргізілуде. Аталмыш білім ордасына республика қазынасынан 1 миллиард 144 миллион теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жергілікті тұрғындардан 82 адам жұмыспен қамтылып, жұмыс жасауда. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айында басталған құрылыс нысаны келер жылдың тамыз айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз